« izi» абонент терінің жеке деректері бойынша саясат
«izi» сауда белгісімен ұялы байланыс қызметтерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) жеке деректеріңізді ұсына отырып, осымен біз деген сенімділігіңізді көрсетуіңізді бағалайды және оларды қорғауға барлық қажетті техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы шараларды қолданады. Біз қандай жеке деректерді жинайтынымызды, оларды қалай өңдейтінімізді және қорғайтынымызды білу үшін осы «izi» абоненттерінің жеке деректері бойынша саясатымен мұқият тұрып танысыңыз (бұдан әрі – Саясат).
Осы Саясатта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар «izi» ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің жария шартында (бұдан әрі – Шарт) көрсетілген терминдер мен анықтамаларға сәйкес ұғылады және түсіндіріледі
Жалпы ережелер
Біз осы саясатты Қазақстан Республикасының жеке деректер мен оларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірледік.
Саясатта біз келісімді алу тәсілдерін, жиналатын жеке деректерді тізілімін, оларды жинау және өңдеу мақсаттарын, Оператор және абоненттердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз қолдайтын шаралардың тізілімін ашамыз.
Саясат абоненттердің жеке деректерін жинау мен өңдеу және оларды қорғау бойынша Оператор қызметінің негіздерін декларациялайтын жалпыға қолжетімді құжат болып табылады. Саясат «izi» Мобильді қосымшада және Оператор Сайтында танысуға қолжетімді.
Оператордың қарамағындағы бар Сіздің жеке деректеріңіз құпия ақпарат болып танылады. Біз деректеріңізді қорғау бойынша ішкі ережелерді әзірледік және үздіксіз өзектендірудеміз және жұмыскерлеріміздің осы ережелерді тиісінше сақтауды бақылаудамыз. Оператордың әр жұмыскері құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды, оған қолжетімділік оған өз функционалдық міндеттемерді орындау үшін қажет.
Жеке деректерді жинау және өңдеуге келісімді алу
Біз Сіздің қолжетімділігі шектеулі жеке деректеріңізді тек қана Сіздің келісіміңізден жинаймыз және өңдейміз.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Оператор абоненттерге байланыс қызметтерін Шарттың болған кезде ғана көрсетеді, оны жасасу тәртібі мен талаптары байланыс саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін тиісті ережелерімен белгіленеді. Шарт жария болып табылады және «izi» мобильді қосымшада және Оператордың сайтында қолжетімді.
Байланыс және онымен байланысты өзге қызметтерді көрсету талаптары Шартпен анықталады. Шартқа қол қою «izi» мобильді қосымшада тіркеу нысанына қол қою арқылы немесе Оператормен анықталған және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзгі тәсілмен қосу арқылы жүргізіледі.
Шартты жасасқан кезде Сіз Операторға Шарт бойынша Сізге қызмет көрсету үрдісінде Операторға қолжетімді болатын қызметтерді алу үрдісінде Сіз бізге өздігінен ұсынатын барлық деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді бересіз.
Жиналатын жеке деректердің тізімі
Осы Саясат Оператордың Сайтында, «izi» мобильді қосымшада толтырылатын, сондай-ақ қызметтерді ұсыну үрдісі кезінде Оператормен алынатын, Автоматты қызмет көрсету жүйесіне жүгінген кезде берілетін Шартқа қосылған кезде Сіз ұсынатын барлық жеке деректерге тарайды.
Оператор қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ «izi» мобильді қосымшаны жүктеген және пайдаланған кезде мына деректерге тарайды, осыларды қоса, бірақ олармен шектелмей: ЖСН, ТАӘ, абоненттік нөмір, күні және/немесе тған жылы, поштаның электрондық мекенжайы, IP мекенжай, ұялы байланыстың Абоненттік құрылғысы туралы мәліметтер, операциялық жүйенің нұсқасы, ұялы байланыс Абоненттік құрылғысының бірегей сәйкестендіргіштері, геолокация, GPS деректері, банк деректемелері, уақыты мен сомасы туралы деректерді қоса төлем операциялары туралы ақпарат.
Қызметтерді көрсету үшін Оператор жинайтын жеке деректердің тізілімі Шартты жасасу үшін ең аз дегенде қажетті болып табылады және абоненттің осы деректерді міндетті түрде ұсыну бойынша талаптар Қазақстан Республикасының заңнамсасымен белгіленді.
Осы Саясат үшінші тұлғалардың иелігіндегі ақпараттық ресурстарда жиналған немесе біздің байланыс желелерін пайдалану арқылы сіз өздігінен әлдекімге беретін ақпаратқа таралмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстары жеке деректерді қорғау бойынша өзінің жеке саясаты болуы мүмкін. Оператор абоненттің жағымсыз қысқа хабарламаларды алғаны немесе Оператор қызметтерін пайдаланумен үшінші тұлғалармен жіберілген өзге хабарламалар үшін жауапты болмайды. Үшінші тұлғалардың ақпараттық ресурстарын пайдалануды бастау және оларға жеке деректерді беру алдында осы ресурстардың құпиялылық саясаттарын мұқият тұрып зерттеуді ұсынамыз және өз жеке деректеріңізді таратуға абайлықпен қарауды сұраймыз.
Сіз Операторда бар Сіздің жеке деректеріңізді, мақсаттарды, көздер, жеке деректерді жинау және өңдеу тәсілдері, оларды өңдеу және сақтау мерзімдерінің тізімін қамтитын ақпаратқа сұрау салуыңыз мүмкін. Сұрау салу «izi» мобильді қосымшасы арқылы Автоматты қызмет көрсету жүйесінің көмегімен сұрау салу арқылы жүргізіледі.
Біздегі Сіздің бар жеке деректеріңізді өзгерту деректеріңіздің өзгертуін растайтын құжаттарды ұсынумен «izi» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Жеке деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
Біз жеке деректерді Абонентпен Шарт талаптарын орындау, Оператор Серіктестерінің және Оператор өкілдерінің қызметтерін ұсыну, оның ішінде Операторға үшінші тұлғалармен және Оператордың үшінші тұлғаларға көрсетілетін қызметтері, конвергентті қызметтер, ұсынылатын қызметтер мен қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту, маркетингті белсенділіктерді өткізу, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және ұсыну, абоненттер мен пайдаланушыларды ұсынылатын қызметтер талаптарының және қызмет көрсету тәртібінің өзгеруі туралы хабарландыру, Оператордың қызметтерін пайдаланумен байланысты абоненттер мен Операторды алаяқтық әрекеттерден қорғау, мемлекеттік органдарға қазыналық есептілікті ұсыну, дебиторлық қарызды өндіру, сондай-ақ абоненттер мен пайдаланушылардың конкурстар мен жарналамалық кампанияларда қатысуы, сондай-ақ Оператор мен үшінші тұлғалардың қолданылатын заңнамамен белгіленген құқықтар мен міндеттерді орындау мақсатында жинаймыз және өңдейміз.
Жеке деректерді жинау және өңдеуге абоненттің келісімін кері қайтару
Сіз Операторға «izi» мобильді қосымшасы арқылы берген жеке деректерді жинау және өңдеуге өз келісіміңізді кері қайтаруыңыз мүмкін. Алайда, Сізге қызметтерді көрсету үшін Бізге сіздің жеке деректеріңіз қажет екендігін есепке алу керек. Осы жағдайда келісіміңізді кері қайтару Оператордың және оның серіктестерінің қызметтердің көрсетуін тоқтатуына әкеп соғуы мүмкін.
Жеке деректерді жинау және өңдеуге келісім Сіздің Оператор алдында орындалмаған міндеттеме болған жағдайларда немесе өзге заңнамалық шектеулер кезінде кері қайтарылмайды.
Жеке деректерді сақтау мерзімдері
Біз жеке деректеріңізді Шарт бойынша оларды жинау және өңдеу мақсаттарына жету үшін Операторға қажетті уақыт ішінде, сондай-ақ Шарт жарамдылық мерзімі тоқтатылғаннан кейінгі алдағы үш жыл ішінде жеке деректеріңізді сақтаймыз.
Жеке деректеріңіз өңдеу мақсаттарына жетуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген өзге негіздер бойынша жоюға жатады.
Жеке деректерді қорғау бойынша қолданылатын шаралар
Сіздің жеке деректеріңізге қолжетімділік осы деректер өзінің функционалдық міндеттерді орындауға қажетті Оператор жұмыскерлеріне ғана ұсынылады.
Біздің барлық жұмыскерлерқұпия ақпаратты жарияламау туралы мідеттемеге қол қояды, сондай-ақ абоненттердің жеке деректерін қорғау бойынша талаптарды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы алдын ала ескертулі.
Сіздің жеке деректеріңіз ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін біздің электрондық базаларында сақталады.
Жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру
Жеке деректердің жинау және өңдеу мақсаттарын орындау үшін біз Сіздің жеке деректеріңізді біздің серіктестерімізге трансшекаралық түрде немесе жеке деректердің субъектісін анықтауға мүмкін емес белгілі бір сипаттары бойынша біріктірілген деректерді үшінші тұлғаларға біріктірілген түрде бере аламыз. Жеке деректерді беру берілетін жеке деректердің заңдылық пен құпиялылық принциптерінде негізделеді. Деректерді беру абоненттердің жеке деректерін және басқа құпия ақпаратты жарияламау туралы шартты жасасумен сүйемелденеді. Шартта абоненттердің келісімінсіз немесе өзге заңнамалық негіздің болуынсыз олардың жеке деректерінің таратуға жол бермеу блойынша талаптарды көздейміз.
Жеке деректерді байыту және бейіндеу
Сіздің жеке деректеріңіз сізден қосымша ақпаратты сұрау салу немесе ашық көздерден ақпаратты алу, мысалы әлеуметтік желі жалпыға қолжетімді аккаунттардан, сондай-ақ Оператордың шарттық қатынастар бар үшінші тұлғалардан алу арқылы толықтырылуы немесе нақтылануы мүмкін.
Жеке деректерді байыту және бейіндеу осы Саясатта көрсетілген жеке деректерді жинау және өндеу мақсатында ғана жүргізіледі және Сіз үшін қызықты, әрі тиімді ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Саясатты өзгерту
Оператор осы саясатқа өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады. Саясаттың жаңа редакциясы Оператор Сайтында, «izi» мобильді қосымшасында орналастыру сәтінен бастап, егер өзге Саясаттың жаңа редакциясымен көзделмесе күшіне енеді. Біз осы Саясаттың өзектілігін мерзімді тексеруге ұсынамыз. Саясатты өзгерткеннен кейін Оператордың қызметтерін пайдалануды жалғастыра отырумен Сіз енгізілген өзгертулермен келісімді растайсыз.
Оператор туралы ақпарат
«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, БсН 980540000397, мекенжай Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан, Алматы ауданы, Қ. Жалайыри к., 2 үй, телефон: 8(727)350 06 06, Оператордың Сайты: www.izi.me.