«IZI» мобильді қосымшасы пайдаланушысының жеке деректерін жинауға және өндеуге келісімі.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «КаР-Тел» ЖШС (БСН 980540000397) мен «IZI» брендіне (бұдан әрі – Оператор), IZI.me ресми сайтына мекенжайы Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан, Алматы ауданы, Қ.Жалайыри к., 2-үй, IZI мобильді қосымшасында (бұдан әрі – «Қосымша») тіркеген кезінде менің атымнан өрістерді сәйкестендіру және автоматты толтыру мақсатында менің жеке деректерімді жинауға және өңдеуге, сонымен қатар маркетингтік сауалнамалар, соның ішінде келесі тізімге сәйкес мақсатты жарнама жүргізу мақсатында маған хабарласу үшін өз келісімімді беремін:
- «IZI» қосымшасында толтырылатын пайдаланушының аты мен никнеймі;
- «IZI» қосымшасында тіркелген және (немесе) авторланған кезде пайдаланылатын электрондық пошта мекенжайы;
- «IZI» қосымшасында тіркелген және (немесе) авторланған кезде пайдаланылатын телефон нөмірі;
- «IZI» қосымшасында тіркелген және (немесе) авторланған кезде пайдаланылатын әлеуметтік желілердегі аккаунттар;
- Google пайдаланушылық деректері: аты, электрондық пошта мекенжайы, пайдаланушының тілдік күйге келтірулері, пайдаланушы профилінің фотосы.
Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісімді алу
Оператор шектеулі дербес деректеріңізді Сіздің келісіміңізбен ғана жинайды және өңдейді. Оператор www.IZI.me сайтында орналастырылған «IZI» мобильді қосымшасы пайдаланушысының дербес деректерін жинауға және өңдеуге Келісімге қосылу арқылы келісімін алады.
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
Оператор дербес деректерді Қосымшаны пайдалану, Қосымшаның сапасын жақсарту, маркетингтік белсенділіктерді жүргізу, жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және ұсыну, пайдаланушыларды Қосымшаны пайдалану шарттарындағы өзгертулері туралы хабардар ету, қосымшаны пайдалануға байланысты пайдаланушылар мен Операторды алаяқтық әрекеттерден қорғау, мемлекеттік органдарға фискалдық есеп беру, сондай-ақ пайдаланушылардың байқаулар мен жарнамалық науқандарға қатысуын қамтамасыз ету үшін жинайды және өңдейді.
Дербес деректерді сақтау мерзімдері
Оператор дербес деректерді, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті уақыт ішінде сақтайды.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсатында Оператор дербес деректерді үшінші тұлғаларға, оның ішінде қызметтері Қосымшада қолжетімді өз серіктестерге, осындай серіктестер белгілеген шарттарға сәйкес (GamePix Srl, сайт https://company.gamepix.com/privacy-policy/) бере алады. Пайдаланушылық деректердің серіктестерге беру берілетін деректердің заңдылығы мен құпиялылығы қағидаттарына негізделген. Әрбір серіктеспен пайдаланушылардың деректерін мен басқа да құпия ақпаратты жария етпеу туралы шарт жасалады. Серіктеспен жасалған шартта біз пайдаланушылардың келісімінсіз немесе өзге заңды негіздерсіз деректердің таралуына жол бермеу талаптарын қарастырамыз.
Дербес деректерді өңдеу процесінде дербес деректерді трансшекаралық тасымалдау мүмкін. Оператор дербес деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде таратпайды.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтару
Сіз Операторға берілген дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісіміңізді кері қайтара аласыз. Алайда, қосымшаға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бізге дербес деректер қажет екенін ескеріңіз. Бұл жағдайда сіздің келісіміңізді кері қайтару Қосымшағаға қол жеткізуді тоқтатуға әкеп соғады. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім кері қайтарғыңыз келсе, техникалық қолдаумен IZI.me ресми сайты арқылы support@IZI.me электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуыңыз керек немесе пайдаланушы есепті жазбасын және пайдаланушылық деректерді Қосымшадан жою үшін Қосымша арқылы есептік жазбаны жою функциясын пайдалануыңыз керек.
Оператордың дербес деректерді қорғау бойынша қолданылатын шаралары
Дербес деректерге қол жеткізу Оператордың өз функционалдық міндеттерін орындау үшін осы деректер қажетті жұмыскерлеріне ғана беріледі. Біздің барлық жұмыскерлер құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемелерге қол қояды, сондай-ақ пайдаланушылардың деректерін қорғау талаптарын бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы ескертіледі.
Өзгертулер
Оператор осы Келісімге өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Келісімнің жаңа нұсқасы, Келісімнің жаңа редакциясымен өзге көзделмесе, ол Оператордың сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.