«Қосымшадағы белсенділік үшін бонустар» акциясын өткізудің ережелері
1. Жалпы ережелер
1.1. «КаР-Тел» ЖШС izi тауар белгісімен «Қосымшадағы белсенділік үшін бонустар» акциясының (бұдан әрі – Акция) ұйымдастырушысы (бұдан әрі мәтін бойынша – «Ұйымдастырушы») болып табылады.
1.2. Акцияға «izi» ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің жария шартына қосылған izi цифрлық мобильді операторының абоненттері, сондай-ақ izi абоненттері болып табылмайтын «izi» мобильді қосымшасының пайдаланушылары (бұдан әрі – Қатысушы/Қатысушылар) қатыса алады.
1.3. Акцияны өткізудің осы ережелері (бұдан әрі– Ережелер) Қатысушылар үшін Акцияны ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді және оларды Ұйымдастырушы дербес айқындайды. Ережелер https://www.izi.me/сайтында және izi мобильді қосымшасында (бұдан әрі – Қосымша) жарияланады.
1.4. Акция лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа ойын болып табылмайды. Акцияны өткізу Қатысушылардың оған қатысқаны үшін төлемақы енгізуімен байланысты емес, Акция бойынша бонустар Ережелерге сәйкес беріледі және Ұйымдастырушының қызмет пакеттеріне айырбасталуы мүмкін.
1.5. Izi абоненттері мен қосымшаны пайдаланушылардың бейілділігін және Ұйымдастырушының izi тауар белгісінің танымалдылығын арттыру Акцияны өткізудің мақсаты болып табылады.
2. Акцияны өткізу кезеңі
2.1. Акцияны өткізу кезеңі – 01.11.2022 жылдан бастап мерзімсіз жалғасады.
3. Акцияны өткізу аумағы
3.1. Науқан барлық izi абоненттері мен Қосымша пайдаланушылары үшін олардың нақты тұрған жеріне байланысты қандай да бір шектеулерсіз өткізіледі.
4. Акцияның бонустары
4.1 Акцияға қатысушылар Қосымшаның белгілі бір бөлімдерінде өткізген уақыты үшін бонустар алады. Бұдан былай Қатысушылар бонустарды телеком қызметтер пакеттерінің біріне*: интернет-трафик (3000 бонус үшін 10ГБ), минуттар (1000 бонус үшін 100 минут), SMS (1000 бонус үшін 200 SMS) және Ұйымдастырушының серіктестері ұсынған купондарға (бұдан әрі – Купон)** айырбастай алады.
*қолданылу мерзімі шектелмеген трафик
** Купонның қолданылу мерзімі Купон туралы бетте көрсетіледі және оны беру шарттарымен белгіленеді.
4.2. Телеком қызмет пакеттеріне бонустарды айырбастау тек izi абоненттеріне ғана қолжетімді.
4.2.1. Бонустарды Купондарға айырбастау, Ұйымдастырушы мен серіктестер бірлесіп белгілеген шарттарға сәйкес, izi абоненттері мен izi қосымшасының тіркелген пайдаланушыларына қолжетімді.
4.3. Бонустарды минуттар мен SMS пакеттеріне айырбастау үшін Қатысушы 2026 жылғы 17 тамыздан бастап izi (қызмет пакеттері/лимитсіз қызметтер) қызметтеріне кемінде 2.000 теңге жұмсауы тиіс.
4.4. Бонустарды интернет трафикке, Купонға айырбастау izi қызметтеріне жұмсалған сома бойынша шарттарсыз қолжетімді.
4.5. Бонустар жоғарыда белгіленгеннен басқа ақшалай қаражатқа немесе өзге де қызмет түрлеріне айырбастауға жатпайды.
5. Акцияны өткізу шарттары
5.1. Қатысушылар смартфон экраны қосулы болу шартымен Қосымшаның Музыка, Видео, Oyna бөлімдерінде немесе оның ішкі бөлімдерінде (радио, ойнату тізімдері, бейне-шоу, кино, Oyna және т. б.) болған кезде автоматты түрде «белсенділік минуттарын» жинактайды, бұл ретте жинақталған «белсенділік минуттары» Қосымшадағы белсенді ағымдағы сессия үшін ескеріледі және Музыка, Видео, Oyna парақшаларындағы таймерде және Профильде көрсетіледі. Экран өшірілген немесе Қосымшаның аталған бөлімінен шыққан жағдайда минуттар жинақталмайды.
5.1.1 Смартфон экраны қосулы немесе өшірулі күйінде Қосымшаның Музыка, Видео, Oyna бөлімдерінде радио тыңдаған жағдайда, Қатысушылар үздіксіз тыңдаған әр 25 минут үшін қосымша 25 бонус алады, бірақ күніне ең көбі екі рет. Бұл бонустар 5.4-тармақта көрсетілген бонустарды алу лимитінде есепке алынбайды.
5.1.2 Cмартфон экранының қосулы немесе өшірулі күйіне қарамастан Қосымшаның Музыка, Бейне, Oyna бөлімдерінде болған кезде ұзақтығы 15 минут немесе одан да көп кез келген бейне шоуды толық қарау кезінде пайдаланушы қосымша 30 бонус алады. Көрсетілген бонустар 5.4-тармақта белгіленген бонустарды алуға арналған жалпы лимитте есепке алынбайды.
5.2. Әр «белсенділік минутына» қатысушы 1 бонус (1Б) алады. Жинақталған бонустар Қосымшаның Музыка, Видео, Oyna бөлімдеріндерінің парақшаларында және Қосымшадағы Қатысушы профиліндегі бонустық теңгерімде көрсетіледі.
5.2.1 Ұйымдастырушы өз қалауына қарай, бонустарды жинау жылдамдығын арттыруды уақытша өзгертуге құқылы.
5.3. Бонустық теңгерім Қосымшадағы Қатысушының есептік жазбасына тіркеулі. Егер Қатысушыда бірнеше izi абоненттік нөмірлері болса, онда бонустық теңгерім Қатысушыға тиесілі барлық нөмірлер үшін ортақ болады.
5.3.1. Қосымшаны өшіріп тастағанда немесе қайта орнатқан жағдайда, аккаунты жоқ Қатысушының барлық жиналған бонусы жойылып кетеді.
5.4. Бонустарды алу лимиті - тәулігіне 200Б.
5.4.1 Аккаунты жоқ Қатысушы үшін бонус алу лимиті – 250Б.
5.5. Бонустардың кез келген санын жинақтаған Қатысушы оларды Қосымшаның Бонустар бөлімінде айырбастауға болатын қызметтер пакеттерінің біріне айырбастай алады.
5.6. Айырбастау үшін бонустар жетіспеген жағдайда Қатысушы өз теңгерімінен (теңгеде) жетіспейтін соманы қоса алады. Жетіспейтін соманы теңгерімнен қосқан кезде 1 бонус = 1 теңге бағамы пайдаланылады.
5.7. Қатысушы Қосымшадан есептік жазбасын жойған жағдайда бонус теңгерімі нөлге айналады және қалпына келтірілмейді.
5.8. Бонустарды басқа izi абонентіне немесе Қосымша пайдаланушысына беруге болмайды.
5.9. Егер Қатысушы IZI абоненті бола тұрып, IZI мобильді қосымшада пайдаланушылық аккаунтты (IZI абоненттік нөміріне тіркемей) тіркелген және онда бонустарды жинаған жағдайда, онда келесі IZI абоненттік нөмірін тіркегенде, осындай пайдаланушылық аккаунтта жиналған бонустар жойылады.
5.10. Егер бонустық теңгерім күнтізбелік 186 (жүз сексен алты) күн ішінде өзгермесе, жиналған теңгерім нөлге айналады. Бонустық теңгерім өзгерсе, онда оның қолданылу мерзімі күнтізбелік 186 (жүз сексен алты) күнге ұзарады.
6. Қатысушының құқықтары
6.1. Қатысушы:
6.1.1. Акция Ережелерімен танысуға;
6.1.2. Ережелерге сәйкес Акцияға қатысуға;
6.1.3. Егер Қатысушы izi абоненті болса, жинақталған бонустарды қызмет пакеттеріне айырбастауға құқылы.
7. Ұйымдастырушының құқықтары
7.1. Ұйымдастырушы:
7.1.1. Егер Қатысушылар Акцияға қатысу үшін жосықсыз әдістерді пайдаланса, Ұйымдастырушы Қатысушыларды өз қалауы бойынша қатысудан шеттетуге құқылы.
7.1.2. Ұйымдастырушы кез келген уақытта Акцияны жою немесе ұзарту, Акция бойынша бонустарды жинақтау және айырбастау шарттарын өзгерту, сондай-ақ осы Ережелерді өз қалауы бойынша өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы Ережелердегі өзгерістерді https://izi.me сайтындағы және Қосымшадағы тиісті жарияланымның көмегімен өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде бір күн бұрын Қатысушылардың назарына жеткізеді.
8. Ұйымдастырушының міндеттері
8.1. Ұйымдастырушы:
8.1.1. Акцияны осы Ережелерде белгіленген тәртіппен өткізуге;
8.1.2. Осы Ережелердің шарттарына сәйкес Қатысушылар жинақтаған бонустарды қызмет пакеттеріне айырбастауды жүргізуге міндеттенеді.
9. Ұйымдастырушы мыналар үшін жауап бермейді:
9.1. Қатысушылардың осы Ережелерде көзделген міндеттерді орындамағаны (уақтылы орындамағаны) үшін;
9.2. Қатысушының Ережелерді білмеуінен туындаған жағдайлар үшін;
9.3. Акцияны өткізу кезінде пайдаланылатын интернет желісіндегі және (немесе) байланыс арналарындағы техникалық проблемалар және (немесе) алаяқтық нәтижесінде Қатысушылардан хабарламалар алмағаны үшін;
9.4. технологиялық сипаттағы іркілістер, оның ішінде Акцияны өткізу мерзімдері мен тәртібіне әсер ететін арнайы бағдарламалық жасақтаманың іркілістері үшін;
9.5. Ұйымдастырушы алдын ала болжай алмайтын және оның әрекетін жоя алмайтын еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауына байланысты өз міндеттемелерін бұзғаны үшін;
9.6. Акцияға қатысу кезінде Қатысушының кез келген үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын және/немесе қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін;
9.7. Акцияға Қатысушы қандай да бір шығыстар мен өзінің Акцияға қатысуы салдарынан шеккен немесе туындауы мүмкін шығындар үшін.
10. Басқа шарттар
10.1. Акцияға қатысу Қатысушының осы Ережелермен танысқанын және толық келіскенін растайды.
10.2. Осы Ережелер Акцияны өткізу шарттарын белгілейтін жалғыз құжат болып табылады.